«Террорлық әрекет орын алған кезде нені ескеру қажет!» тақырыбында бейне жазбалар көрсетілді.
13 мамыр күні мектеп оқушыларына «Террорлық әрекет орын алған кезде нені ескеру қажет!» тақырыбында бейне жазбалар көрсетілді.
📍Мақсаты: Оқушыларға терроризм ұғымын түсіндіру, оның қоғамға тигізетін қауіпті салдарын ұғындыру және төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстау, қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Ақпараттық мазмұны:
Терроризм дегеніміз не? Оның түрлері және негізгі мақсаттары.
Террорлық әрекеттердің қоғам мен адам өміріне тигізетін әсері.
Террорлық қауіп төнген жағдайда немесе шабуыл кезінде:
Қауіпсіз аймаққа жедел көшу;
Аса қажет болмаса, үйден шықпау;
Бейтаныс адамдардың сөмкесі, күдікті заттар туралы дереу ескерту;
Құқық қорғау органдарының (112, 102) нұсқауларын орындау;
Арандатушылыққа ермеу, сабыр сақтау.
Қауіпсіздік мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік туралы мағлұматтар.
Төтенше жағдай кезінде эвакуация тәртібі мен алғашқы көмек көрсету негіздері. туралы жаднама таратылды.