2025 жылғы 23 мамырда №14 ЖББМ педагогикалық кеңес отырысы өтті.
2025 жылғы 23 мамырда №14 ЖББМ педагогикалық кеңес отырысы өтті. Кеңесте 2024–2025 оқу жылының жалпы қорытындысы жасалды. Оқу-тәрбие жұмысының түрлі бағыттары бойынша мектеп басшысының орынбасарлары сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы оқу жылына қойылатын міндеттерді атап өтті.
Кеңес барысында білім сапасын арттыру, тәрбие үдерісін жетілдіру, оқушылардың мотивациясын көтеру және ата-аналармен байланысты нығайту сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Әріптестер арасында шығармашылық пікір алмасу мен ұсыныстарды дамыту мақсатында Red flag🚩, Green flag әдісі қолданылды.
🎤Бұл отырыс ұжым ішіндегі бірлік пен кәсіби серіктестікті нығайтып, ортақ мақсаттарға жету жолында жаңа идеялар мен тиімді тәсілдерді бірігіп қарастыруға мүмкіндік берді.