«MSSP.GL» ЖШС-мен бірлесіп интернет желісіндегі балаларды қорғау мәселелерін қамтитын бейнероликтер әзірледі.
Ұлытау облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен бекітілген Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 49-тармағына қатысты төмендегіні хабарлайды.
Аталған тармақты орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті «MSSP.GL» ЖШС-мен бірлесіп интернет желісіндегі балаларды қорғау мәселелерін қамтитын бейнероликтер әзірледі.
Осы бейнероликтер балалардың өмірі мен денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттардан қорғауға, ата-аналар тарапынан балалардың әлеуметтік желілік ортасында ақпаратты таңдаудағы жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ цифрлық сауаттылық пен ықтимал қауіптер туралы хабардарлықты нығайтуға бағытталған.
Осыған байланысты, білім басқармасы Сіздерден аталған балалар мен жастардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бейнероликтерді мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында, LED экрандарда және басқа да қоғамдық орындарда орналастыруға қолдау көрсетуді сұрайды.