06-08-2024
Ұлытау облысы білім басқармасының Cәтбаев қаласы білім бөлімінің «№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2024 жылдың тамыз айының 05 мен 13 аралығында педагогтарды бос және уақытша бос лауазымға жұмыспен қамтуға конкурс жариялайды:
1) Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: 1 мұғалім — 16 сағат (жұмыспен қамту түрі — тұрақты);
2) Физика пәні мұғалімі- 16 сағат. (Жұмыспен қамту түрі — уақытша)
3) Шағын орталық тәрбиешісі (1 бірлік)
4) Информатика пәні мұғалімі- 16 сағат (жұмыспен қамту түрі — тұрақты) 5) Тарих пәні мұғалімі- 16 сағат (жұмыспен қамту түрі — тұрақты) 6) Бастауыш сынып мұғалімі (Орыс бөлімі)- 16 сағат (жұмыспен қамту түрі — тұрақты)
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагог хабарландыруда төмендегі көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11-07-2024
Құрметті ата аналар 1 ші сыныпқа қазақ сыныбына оқушыларды қабылдаймыз!
