Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар ақпараты 2025 ж.
№ | Іс-шара атауы | Қамтылған оқушы саны | Ақпарат |
1 | «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына оқушыларды қабылдау | 15 | «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі мақсат міндеттері таныстырылды. |
2 | Бастауыш сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» сурет салу іс-шарасы | 120 | Сурет салу іс-шарасы жастарды адалдық пен әділдік құндылықтарын шығармашылық арқылы өз көзқарастарын білдіруге ынталандырды. |
3 | «Жемқорлыққа қарсы күрес» атты онлайн кездесу. | 90 | Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізілді. |
4 | «Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті» атты эссе байқауы | 50 | «Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті» атты эссе байқауы 6-7 сыныптар арасында өткізілді. |
5 | «Заң және оны сақтаудың қажеттілігі» Бейнероликтер көрсетілімі. | 200 | Мектеп оқушыларына бейнероликтер көрсетіліп, парасаттылық, адалдық қағидаларын насихаттау жүргізілді. |
6 | «Жемқорлыққа жол жоқ» сынып сағаттары өткізілді. | 350 |

“№ 14 жалпы білім беретін мектебі” КММ
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасына
Анықтама
13 қаңтарда мектебімізде «Адал Ұрпақ» клубына мүшелерді салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында адалдық, жауапкершілік, патриотизм және құрмет секілді қоғамдағы құндылықтар туралы ақпараттандыруды арттыру, сондай-ақ жаңа мүшелерді «Адал Ұрпақ» клубына қабылдау.
«Адал Ұрпақ» клубының негізгі мақсаты — жастарды адалдыққа, ар-намысқа, өз елін құрметтеуге, қоғамның дамуына үлес қосуға бағыттау. Жаңа клуб мүшелері салтанатты түрде ант қабылдап, өз мектептері, қалалары мен мемлекеттері үшін лайықты істер атқаруға дайын екендіктерін білдірді.
Салтанатты атмосфера, жетекшілер мен клубтың бас мүшелерінің сөздері қазіргі қоғамда моральдық құндылықтарды сақтау жолында жұмыс істейтін күшті біртұтас команда құрудың негізін қалады.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелеріне 15 оқушы қабылданды. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, ұйымның мақсат міндеттерімен таныстырылды. Мектебіміздің директоры Сыздыкова Ф.О. сөз сөйлеп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Избасарова Г.Б. оқушыларға «Адал Ұрпақ» ұйымының төсбелгісі мен төлқұжатын табыстады.
Ұйым басшысы Кравцова Александар ант қабылдап, алдағы жылда ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұратынын мәлімдеді.
https://www.instagram.com/reel/DFniNESs6X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==