Жас түлек 2024 / Выпусники 2024
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.
Бүгін «№14 ЖББМ» КММ-нде 9-сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестат табыстау рәсімі өткізілді. 2023-2024 оқу жылында 9-сынып бойынша 40 шәкірт негізгі орта білімді аяқтап отыр. 2 оқушымыз «Үздік» аттестат иегерлері атанды.
Салтанатты кеште мектеп ұстаздарына ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!